Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы мәдени-сауық орталығында кәсіпкерлер мен жастар арасында қазақ тіліндегі жарнаманың сауаттылығын арттыру, көше жарнамалары мен маңдайшалардағы қате аударылған мәтіндерді түзету мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты сайыс ұйымдастырылды.
Шара барысында аудан кәсіпкерлері мен жастары арнайы топтарға бөлініп, өз кәсіптерінің бағытын, даму жоспарын және басты ұрандарын таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар өз өнімдерін таза қазақ тілінде шебер жарнамалап, көрермендер мен әділ қазылар алдында тілдік сауаттылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Шараға атсалысқан барлық кәсіп иелеріне және жастарға алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1260279?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау