Жастар аудан халқының 30,8 пайызын құрайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жолға қойылған. Бүгінде ауданда 11 650 жас тұрады. Бұл аудан халқының 30,8 пайызын құрайды. Жастарды жұмыспен қамту, олардың әлеуетін дамыту, қоғамдық өмірге белсенді тарту және еріктілер қозғалысын қолдау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Жыл басынан бері ауданның 3 мыңға жуық еріктісі қайырымдылық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысып, түрлі әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына өз үлестерін қосты.
Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы аясында 110 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда.
Сонымен қатар, жастардың шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін арттыруға, олардың бастамаларын қолдауға бағытталған түрлі жобалар мен іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1260450?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version