ЖЕТІСАЙДЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖЕТІСАЙДЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
 
Ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды ұлықтап, жыл сайын Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» тарихи-мәдени кешен аумағында дәстүрлі түрде өтетін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің қорытындысы жарияланды.
 
Байқау аясында ауданның суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің жәрмеңкесін, келушілерге ауданның бай тарихы мен мәдени мұрасын, бүгінгі жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін кеңінен таныстырған Жетісай ауданы жеңімпаз атанып, жүлделі І орынға ие болды.
 
Айта кетейік, аталмыш өнер фестивалі аясында көпшілік назарына ұсынылған зергерлік бұйымдар мен қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін туындылары қала тұрғындары мен Ресей, Түркия, Австралия, Польша және Англия елдерінен келген қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, жоғары бағасын алған болатын.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1260441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version