«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 шілдеде Атырау облысы Әділет департаментінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Qazpatent) және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлердің атауларын және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу тәртібі, олардың ұқықтық қорғаутетіктері, сондай-ақ Qazpatent-тің электрондық сервистерін пайдалану мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260572?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version