Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі оның қызметтік әдебі мен адамгершілік қағидаттарын ұстануымен де бағаланады. Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері тұрақты бақылауда.
Бүгін, Департамент басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтармен тиімді әрі сыпайы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткізді.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету іс-шарасы бойынша ақпараттық мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, Депаратамент қызметкерлеріне Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, іскерлік әдеп пен мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге діни нанымдар туралы бейресми ақпарат таратпауға, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын-алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді қатаң ескертіп өтті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау