Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 18-қосалқы станция тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бұған дейін аталған аудан тұрғындары кіреберіс жолдың жағдайы мен көше жарығының жоқтығына қатысты өтініштерін жеткізген болатын. Қазіргі таңда бұл мәселелер облыс әкімі Берік Уәлиұлының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен шешімін тапты.
Атап айтқанда, 18-қосалқы станциясына кіреберіс жолға асфальт төселіп, 13 жарық бағаны орнатылып, көше жарығы жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындар балалар ойын алаңын салу мәселесін де көтерді. Өз кезегінде қала әкімі бұл ұсыныстың назардан тыс қалмайтынын және алдағы уақытта тиісті жұмыстардың жүргізілетінін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1261474?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау