2026 жылдың 21 шілдеде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 6 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Роллан Нұрланұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Сәндібек Сейітбекұлы Дүзбаев, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы Даниар Талғатұлы Әділбеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гульзира Құмарғазықызы Жанаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейрамбек Кенжеқанұлы Кенжеканов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арайлым Сейтқамзақызы Касымбаева, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Роза Кусаинқызы Тлеубаева және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №47/4-VІII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Гульзира Құмарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мейрамбек Кенжеқанұлы Кенжеканов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
3.Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы
Даниар Талгатұлы Әділбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
4.Күршім ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талгатұлы Әділбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
5.Күршім ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талгатұлы Әділбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
6.Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талгатұлы Әділбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
7.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеуге байланысты комиссияның өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талгатұлы Әділбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
8.Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Арайлым Сейтқамзақызы Касымбаева – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
9.«Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №14/21-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Роза Кусаинқызы Тлеубаева – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/F3gmz7nPnT8?si=_uyFG-6woWbbAq29
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1261386?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау