Абай облысы Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары Алакөл жағалауындағы қызметтің ұйымдастырылуын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров пен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов Алакөл көлінің жағалауында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру барысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында басшылар қызмет атқару орындарын аралап, күштер мен құралдардың дайындығын тексерді, сондай-ақ курорттық маусым кезеңіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тексеру қорытындысы бойынша су айдынындағы бірлескен жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды. Енді су айдыны мен жағалау аумағын күн сайын полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкерлері құтқарушылармен бірге қызметтік қайықтарда патрульдейді. Негізгі мақсат – оқиғаларға жедел ден қою, құқық бұзушылықтардың алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ интеллектуалды бейнебақылау жүйесін пайдалануға ерекше назар аударылды. Полиция мен төтенше жағдайлар органдарының нысандарында орнатылған бейнекамералар бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері нақты уақыт режимінде жағалаудағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кессе, құтқарушылар бейнекамералар арқылы судағы қауіпсіздік қағидаларының сақталуын бақылап, кез келген төтенше жағдайға дереу әрекет етеді.

Эльдар Данияров демалушылардың қауіпсіздігі – барлық жедел қызметтердің ортақ міндеті екенін атап өтіп, тиімді өзара іс-қимылдың оқыс оқиғалардың алдын алып, азаматтарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.

 Полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен жұмысы Алакөлге келген әрбір тұрғын мен қонақтың өзін қауіпсіз сезініп, жағалауда алаңсыз демалуына бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version