Ақсуат ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдануда.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында дрондардың көмегімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын бұзудың 15 дерегі анықталды.
Ұшқышсыз технологияларды қолдану жолдағы жағдайды тиімді бақылауға, әдеттегі тәсілдермен анықтау қиын болатын құқық бұзушылықтарды тіркеуге және құқық бұзушыларды жедел түрде жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Абай облысы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дрондарды пайдалану тұрақты түрде жүргізілетінін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261134?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау