Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тәулік бойы бірлескен кезекшілік атқарып, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген оқиғаға жедел әрекет етеді.
Дабыл түскен бойда экипаждар дереу оқиға орнына аттанады. Полицейлер құрлық арқылы бірінші болып жетсе, құтқарушылар су арқылы көмекке келеді. Бұл төтенше жағдайға барынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Күн сайын жағалау мен су айдығында бірлескен патрульдеу жүргізіледі. Полиция мен құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында көмек қысқа уақытта көрсетіліп, көптеген төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік бар.
Демалушылардың қауіпсіздігі – басты міндетіміз. Полиция мен құтқарушылардың бірлескен қызметі Алакөлдегі әрбір адамның тыныш әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261121?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау