Алматылық құтқарушылар қымбат техникалар сақталған қойманы өрттен аман алып қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

112 пультіне Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер келген кезде ішінде құрылыс материалдары сақталған бір қабатты қойма жанып жатқаны анықталды. ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері келген сәтте қойма ғимараты ашық жалынға оранған болатын.

Іс-қимылдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Өртті жою жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, қаланың құтқару қызметі, өрт сөндіру пойыздары, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы және басқа да жедел қызметтер жұмылдырылды. Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін ТЖМ-нің өрт сөндіру автопойызы және «ҚТЖ» өрт сөндіру пойызы тартылды.

Өртті сөндіруге жұмылдырылған барлық қызметтердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтарының едәуір бөлігі өрттен аман сақталып, жалынның көршілес қойма үй-жайлары мен жақын орналасқан нысандарға таралу қаупінің алдын алу мүмкін болды.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ шаруашылық нысандарында және тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1261091?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version