Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдердің, қызметтер мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі өрт жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді, өрттің алдын алу және оны жою бойынша қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейтуді, шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендерінде бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1261176?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау