18 шілде күні Қарағанды облысы, Шет ауданы, Өспен ауылында ұлттық ат спортының мәртебесін асқақтатқан «Арқа жүйрігі – 2026» республикалық бәйге жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Дүбірлі дода Қарағанды облысының Бәйге федерациясының демеушілігімен, ауыл жанашыры Исин Мақсат ағамыздың, Еркіндік ауылының тумасы, «Арқа Алтын тұлпар» жобасының авторы Жәкіш Ербол ағамыздың қолдауымен, сондай-ақ ауыл азаматтары мен атбегілерінің бірлескен еңбегінің арқасында өтті.
Бәйге аясында «Арқа Алтын тай», «Арқа Алтын құнан», «Арқа Алтын тұлпар» және Топ бәйге ұйымдастырылып, Қарағанды және Ұлытау облыстарынан келген сәйгүліктер бақ сынады. Дода тартысты өтіп, ұлттық спорттың көркін қыздырған айтулы мерекеге айналды.
🏆 Бас жүлде – 3 автокөлік.
Жеңімпаздар:
🥇 «Арқа Алтын тай» – Оқжетпес (Бидайық)
🥇 «Арқа Алтын құнан» – Айханым (Ақтоғай)
🥇 Топ бәйге – Ариелка (Бидайық)
🥇 «Арқа Алтын тұлпар» – Көкшоқай (Тоғызқұдық)
«Арқа жүйрігі – 2026» бәйгесі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ат спортының дамуына тың серпін берген, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген дүбірлі мереке болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-shet/press/news/details/1261081?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау