АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ащысай ауылының инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Құлымбетов көшесі бойында кәріз желісін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс нәтижесінде, Құлымбетов көшесінде орналасқан №5, 15, 3, 2, 15, 22, 23, 24, 25 көп қабатты үйлерден шыққан кәріз сулары, жаңартылған құбыр желісіне қосылатын болады.
Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы инженерлік-коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жоба аясында заманауи талаптарға сәйкес кәріз желілері орнатылып, тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба толық аяқталғаннан кейін ауылдағы Құлымбетов көшесінің тұрғындары үшін тұрмыстық қолайлылық артып, елді мекеннің коммуналдық инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарады.
Ащысай ауылында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған осындай инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1261060?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version