Астанада стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жөніндегі халықаралық семинар өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Астанада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) ұйымдастырған «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау (СТСБ)» тақырыбындағы халықаралық семинар өтуде.

        Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің өкілдері қатысуда.

       Семинардың сарапшылары ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының өкілі Адам Вас және Әзербайжан Республикасы Кеден қызметінің өкілі Гюнай Юнусова-Гамидзада сөз сөйлеуде.

       Іс-шара аясында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшысы Кристофер Тэйфпен кездесуі өтті.

      Тараптар экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, FECDEP бағдарламасы шеңберінде жүктер туралы электрондық деректер алмасуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруге заманауи технологияларды енгізу бағыттарын талқылады.

      Семинар бағдарламасы кеден органдары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдерін, қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіруді, тарифтік емес реттеу шараларын қолдануды және стратегиялық тауарлар саудасын бақылаудың озық халықаралық тәжірибелерін зерделеуде.

      Аталған семинардың өткізілуі Қазақстанның экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін айқындайды. Семинар барысында алынған білім мен практикалық тәжірибе кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге және стратегиялық тауарлардың қозғалысын бақылау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1261165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version