Бәйтерек ауданында Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысына арналған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі жиыны өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бәйтерек ауданында Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысына арналған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі жиыны өтті.

Көшпелі жиынға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихатының бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Салықов, облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Лаврентьев, облыстық мәслихат депутаттары С.Идиятов, Н. Жұмашев, Е. Сүндетов, С. Ескендіров, О. Минасян,БҚО әкімінің кеңесшісі А. Халелов, Бәйтерек ауданының әкімі М. Тоқжанов, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Л. Уәлиев,БҚО қаржы басқармасының басшысы Н. Есенғалиев,БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Б. Қонысбаева,БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Р. Зулкашев,БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Б. Сатқалиев, «AQJAIYQ» Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ басқарма төрағасы Е. Досмақов, Ақжайық аудандық мәслихат төрағасы С. Сиражев, Бөрлі аудандық мәслихат төрағасы Қ. Ермекбаев, Казталов аудандық мәслихат төрағасы С. Молдашев, Жаңақала аудандық мәслихат төрағасы Қ. Каменов, Қаратөбе аудандық мәслихат төрағасы Н. Мендешов, Сырым аудандық мәслихат төрағасы Ш. Дүйсенғалиева, Бәйтерек аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин, Тасқала аудандық мәслихат төрағасы Ж. Бисенғалиева, Теректі аудандық мәслихат төрағасы Ә. Нұрғалиев, облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы Ә. Мұқашев қатысты.

Жиын барысында бағдарламаның іске асырылу нәтижелері талқыланып, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл экономикасын нығайту бағытындағы атқарылған жұмыстар таныстырылды.

«Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және өндірілген өнімді өткізуді қамтамасыз ету.

Батыс Қазақстан облысында бағдарламаны іске асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға, соның ішінде «Бір ауыл – бір кооператив» қағидатын жүзеге асыруға басымдық берілуде.

Бағдарламаның іске асырылу барысына арналған көшпелі комиссия отырысының Бәйтерек ауданында өтуі – аудандағы оң тәжірибенің нәтижесі. Жиын барысында таныстырылған жұмыстар аудандық мәслихат төрағалары арасында тәжірибе алмасуға, тиімді бастамаларды кеңінен енгізуге және алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1261064?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version