БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
✔️Комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен қадағалаусыз қалудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты сараланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
✔️Мәжіліс барысында комиссия мүшелері балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, отбасы, мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
✔️Жиын қорытындысында комиссия төрағасы әрбір қаралған мәселе бойынша нақты міндеттер жүктеп, жауапты мекемелерге балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды, профилактикалық шараларды күшейтуді және қабылданған шешімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1260884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version