Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес облыс аумағында жөнделіп жатқан республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы мен құрылыс-жөндеу жұмыстарының орындалу барысына мониторинг жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес облыс аумағында жөнделіп жатқан республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы мен құрылыс-жөндеу жұмыстарының орындалу барысына мониторинг жүргізілді. Мониторингке Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы М. Мұқаев, бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е. Салықов, облыстық мәслихат депутаттары М. Құрманғалиев, А. Агаев, Ж. Құрманқұлов, С. Идиятов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М. Қуаншалиев, «ҚазАвтоЖол» АҚ өңірлік филиалының директоры А. Мардан, сондай-ақ Бөрлі ауданының әкімі Е. Ихсанов, Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К. Ермекбаев, Теректі аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Нұрғалиев, аталған аудандық мәслихаттарының депутаттары және мердігер ұйым өкілдері қатысты. Мониторинг барысында тапсырыс беруші мекемелердің, техникалық және авторлық қадағалау ұйымдарының, сондай-ақ мердігер мекемелердің өкілдері автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарының орындалу барысы жөнінде ақпарат берді.

Алдымен комиссия мүшелері республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасының 36–72 шақырым аралығындағы учаскесіне (мердігер – «Адал Арна» ЖШС) және 72–144 шақырым аралығындағы учаскесіне (мердігер – «ДСК Приоритет» ЖШС) барып, құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, құрылыс қарқыны, жобалық-сметалық құжаттама талаптарының сақталуы, қолданылатын құрылыс материалдарының сапасы, техникалық және авторлық қадағалаудың жүзеге асырылуы, сондай-ақ мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындау деңгейі зерделенді.

«Федоровка – Ақсай» автомобиль жолының 72–108 шақырым учаскесіне (мердігер – «ДСК Приоритет» ЖШС) барып, күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Мониторинг барысында жөндеу жұмыстарының сапасы, жұмыс кестесіне сәйкестігі, орындалу мерзімдері, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Аталған №2, 3 учаскелерде жүзеге асырылып жатырған жұмыстар осы жылдың соңына дейін толық аяқталуы жоспарланған. Осыған байланысты депутаттар құрылыс жұмыстарын белгіленген межелі мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімі тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар «ДСК Приоритет» ЖШС жүзеге асырған №4 (108-144 шақырым) учаскесінде жол құрылысы толық аяқталған. Комиссия мүшелері пайдалануға берілген жолдың сапасымен танысып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мониторинг барысында депутаттар құрылыс жұмыстарының сапасы, орындалу мерзімдерінің сақталуы және жобалық шешімдердің толыққанды іске асырылуы мәселелерін жан-жақты талқылады. Сондай-ақ комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекарада орналасқан Ақсай өткізу пунктінде салынып жатқан сегіз жолақты өткізу жолдарының құрылысымен танысты.

Мониторинг қорытындысы бойынша жобаларды іске асырушы мердігер ұйымдар мен тапсырыс беруші уәкілетті мемлекеттік органдарға құрылыс және жөндеу жұмыстарын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету, құрылыс барысына тұрақты бақылау жүргізу және анықталған кемшіліктерді уақтылы жою жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

Жалпы, жол инфрақұрылымын сапалы дамыту – өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берудің маңызды алғышарты. Сондықтан жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының әр кезеңі халықтың мүддесіне сай, сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Облыстық мәслихат депутаттары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың сапалы жүзеге асырылуына басымдық беретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1261031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version