Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Комитет төрағасы орынбасарының 08.07.2026 жылғы №-25/3174-И шығыс хатын орындау мақсатында, келесіні хабарлайды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген.
Қағидаға сәйкес, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мынадай тәсілдермен жойылады:
1) медициналық бұйым тесуді, жыртуды қоса алғанда, демонтаждау, бөлшектеу, механикалық зақымдау жолымен, осындай зақымдаулар медициналық техниканы кейіннен қайта қалпына келтіру және оны бастапқы түрінде пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда, егер өндіруші ұйым әзірлеген медициналық бұйымның пайдалану құжатында өзгеше белгіленбесе, басқа да зақымдау тәсілдерімен, сондай-ақ, егер өндіруші ұйым әзірлеген медициналық бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе өртеу жолымен жойылады;
2) сұйық дәрілік нысандар кейіннен сұйықты 1:100 арақатынаста сумен араластыру және алынған ерітіндіні кәріз жүйесіне төгу (аэрозольдық баллондарға алдын ала саңылау жасалады), жаншу жолымен жойылады, ампулалардың, аэрозольдық баллондардың, пакеттердің және сауыттардың қалдықтары шығарылады және іске жарату жолымен жойылады;
3) суда еритін дәрілік заттардың субстанциясынан тұратын қатты дәрілік нысандар (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар) ұнтақ күйге жеткенше ұсақтағаннан кейін 1:100 арақатынаста суға еріте отырып және кәріз жүйесіне төгу жолымен жоюға жатады;
4) суда ерімейтін дәрілік заттардың субстанцияларынан тұратын қатты дәрілік нысандар (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар), жұмсақ дәрілік нысандар (майлар, суппозиторийлер), дәрілік заттардың трансдермальдық нысандары, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар өртеу жолымен жойылады;
5) иммунологиялық дәрілік препараттар залалсыздандырылып және 30 минут бойы (күйдіргіге қарсы вакцинаны – 2 сағат) қайнату немесе Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген дезинфекциялау құралына салып қою жолымен жойылады және кәріз жүйесіне төгуге жатады.
Сонымен қатар, “Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы” Тізімнің II кестесінде есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды, бос құтылар мен ампулаларды, шикізатты, материалдарды, материалдар қалдықтарын, сынамаларды, қалдықтарды, жартылай өнімдерді жою Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы орайда, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Департамент басшысы А.Жунисбекова
Орын. А.Кенжегалиева
Тел.8(7112) 25-01-1
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zko/press/news/details/1261118?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау