Бегзат Нәбиев: «Тергеуші болу – менің өмірлік таңдауым»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң үстемдігін сақтау – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі. Заң үстемдігі жолын таңдаған жас мамандардың бірі – Павлодар қаласы полиция басқармасы Тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Бегзат Нәбиев. Оның бала күнгі арманы 2026 жылдың маусым айында жүзеге асты.
– Мен Ертіс ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келдім. Ата-анамның қамқорлығы мен тәрбиесін көріп өсіп, жастайымнан еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін бойыма сіңірдім. Бала кезден армандаған мақсатым орындалып, биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын тәмамдадым. Бүгінде әділдікті қорғап, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік, – дейді жас тергеуші.
Тергеуші мамандығы жоғары жауапкершілікті, кәсіби даярлықты, сабырлылықты және әділдікті талап етеді. Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұрғандықтан, тергеушінің басты міндеті – заң талаптарына қатаң сәйкес барлық қажетті дәлелдемелерді жинап, істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеп, заңды шешім қабылдау.
Бегзат өз қызметінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше мән береді. Оның айтуынша, тергеуші болу – жай ғана мамандық емес, бұл – заңға адалдықты, қоғамға қызмет етуді және халықтың сенімін ақтауды талап ететін өмірлік ұстаным.
Жас офицер алдағы уақытта да кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп, тәжірибесін молайтып, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына өз үлесін қосуды мақсат етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version