Семей қаласындағы «Спартак» стадионында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға түсетін үміткерлерді іріктеу өтті.
Талапкерлер дене даярлығы бойынша нормативтерді орындап, жүгіру, күш және төзімділік көрсеткіштері бойынша сынақ тапсырды. Іріктеу Қазақстан Республикасы ІІМ талаптарына сәйкес, Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің бақылауымен өткізілді.
Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аблай Нұрымовтың айтуынша, құжаттарды qyzmet.police.kz цифрлық платформасы арқылы да тапсыруға болады. 2026 жылы қабылдау Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына, М. Есболатов атындағы Алматы академиясына және Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына жүргізілуде.
Ведомстволық жоғары оқу орындарында оқу тегін жоғары білім алуға, толық мемлекеттік қамтамасыз етілуге, ай сайынғы шәкіртақы алуға және оқу аяқталғаннан кейін ішкі істер органдарына қызметке орналасуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261102?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау