Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қамысқала ауылдық округінде тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, дәстүрлі діни құндылықтарды құрметтеу, күмәнді діни ағымдардың ықпалына түспеу, әлеуметтік желілердегі тексерілмеген діни ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, экстремистік идеологияның қоғамға тигізетін кері әсері, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен бірлікті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1261263?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау