ЕУРОХАТТАМА – ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫН ЖЫЛДАМ РӘСІМДЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, белгілі бір талаптар сақталса, оқиғаны полиция қызметкерлерін шақырмай-ақ Еурохаттама арқылы рәсімдеуге болады. ✅ Еурохаттаманы рәсімдеу үшін төмендегі талаптар орындалуы қажет: ✔️ Жол-көлік оқиғасына тек 2 автокөлік қатысуы тиіс; ✔️ Оқиға салдарынан зардап шеккен адамдар болмауы керек; ✔️ Үшінші тұлғаның мүлкіне зиян келмеуі тиіс; ✔️ Жүргізушілер оқиғаның мән-жайына келісіп, кінәлі тарап өз кінәсін мойындауы қажет; ✔️ Екі көліктің де міндетті автосақтандыру полисі болуы тиіс; ✔️ Келтірілген материалдық залалдың болжамды мөлшері 100 АЕК-тен (432 500 теңгеден) аспауы тиіс. 📌 Еурохаттама – жол-көлік оқиғасын жылдам, ыңғайлы әрі артық уақыт жоғалтпай рәсімдеуге мүмкіндік беретін заманауи шешім. 🚔 Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1260900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version