17 шілде күні «Бурабай» спорт сарайында Халықаралық шахмат күніне арналған ашық блиц-турнир өтті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Айымұлы Жүсіпов сөз сөйледі. Қатысушыларды мерекемен құттықтап, барша шахматшыларға тартысты да әділ ойын тіледі.
Сондай-ақ қатысушыларға Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Кубогының 2026 жылғы жеңімпазы Мереке Ертайұлы Жүсіпов құттықтау сөз арнап, жас шахматшыларға жаңа жеңістер, спорттық шеберліктерінің артуын және түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетулеріне тілектестік білдірді.
Салтанатты рәсім барысында Ақмола облысында шахмат спортын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Ақмола облыстық мәслихатының Алғыс хатымен төмендегі азаматтар марапатталды:
Серікбай Біләлұлы Темірбаев
Серік Қанатұлы Биғожин
Жәнібек Жасланұлы Негметжанов
Әмір Болат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1261383?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау