ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжановтың төрағалығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша инвестициялар тарту жоспарының орындалу барысына арналған жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Хайруллин мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Н.Топасов инвестициялар тарту жөніндегі бекітілген жоспардың орындалу көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының есептері тыңдалып, жоспардың орындалуына кедергі келтіріп отырған проблемалық мәселелер жан-жақты талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары
А.Мұхамбетжанов жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан төмен нәтиже көрсеткен ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1261509?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version