Красная поляна ауылында заманауи LED-экран орнатылды. Жаңа LED-экранның орнатылуы елді мекеннің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Енді ауыл тұрғындары маңызды ақпараттарды жедел алып, мемлекеттік бағдарламалар, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, мәдени және спорттық жаңалықтар, сондай-ақ әлеуметтік және ақпараттық бейнероликтерді тамашалай алады. Заманауи цифрлық экранның орнатылуы халыққа ақпараттың қолжетімділігін арттырып, қоғамдық ақпараттандыруды дамытуға және ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау