Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңартылған қағидалар қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге, оның сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қағидаларға сәйкес, жеке көмекші қызметі бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға көрсетіледі. Енгізілген маңызды өзгерістердің бірі – жергілікті атқарушы орган (немесе уәкілетті ұйым), қызмет алушы және жеке көмекші арасында үшжақты шарттың жасалуы. Бұл шарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет көрсету тәртібі мен талаптарын айқындайды.
Жеке көмекші қызмет алушыны мемлекеттік органдарға, медициналық, білім беру және басқа да ұйымдарға алып жүреді, қоғамдық орындар мен көлікте қауіпсіз қозғалуына көмектеседі, қажетті ақпарат алуға және күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер қызмет көрсету процесінің ашықтығын арттыруға, жеке көмекшілердің жұмысын жетілдіруге және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуына және олардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1261194?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау