«NEXT URPAQ» жастар лагері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

200 жас көшбасшы, екі үшкүндік лек және ондаған жаңа мүмкіндік – Қарағанды облысында «NEXT URPAQ» жастар лагері өз мәресіне жетті.

2026 жылғы 9-14 шілде аралығында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «NEXT URPAQ» жастар лагері өтті.

Лагерь екі үшкүндік лек форматында ұйымдастырылып, облыстың түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық белсенді жастың басын қосты.

Қатысушылар үшін көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге, өзара қолдау көрсетуге, тиімді коммуникация мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру іс-шаралары ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында спорттық жарыстар, интеллектуалдық-танымдық ойындар, кешкі концерттік бағдарламалар және арнайы шақырылған спикерлермен кездесулер өтті.

Лагерьдің ең жарқын сәттерінің бірі – Қарқаралы қаласының тарихи және мәдени көрікті жерлеріне ұйымдастырылған экскурсия болды. Оның барысында қатысушылар өңірдің бай табиғи және мәдени мұрасымен танысты.

«NEXT URPAQ» жастар лагері жастардың жеке әлеуетін ашуға, тәжірибе алмасуға, достық байланыстарды нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1260957?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version