«Әлімбет» өткізу пункті – өңірдің шекара маңы инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етіп, сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқарады. Жобаны іске асыру өткізу қабілетін арттыруға, қозғалысқа қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
«Өткізу пунктінде әр бағыт бойынша төрт жолақ қарастырылған, оның біреуі ірі габаритті көліктерге арналған. Процестерді автоматтандырудың арқасында автокөліктерді өткізу уақыты да қысқарады. Әрбір көлікке шамамен 4 минут жұмсалады. Бұл мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі мен деректер базасымен интеграциялау арқылы жүзеге асады. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру мәселесі жоқ. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,
– деді Сергей Герцен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1261426?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау