Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

     Күдіктілер Май ауданында ұсталды. Олардың автокөлігін тексеру барысында қылмысқа қатысты заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

– Арнайы операция нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі адам анықталды. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азат Құсайынов.

     Полиция өңір тұрғындарын мал жаю кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға және кез келген күмәнді жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1260950?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version