Кентау қаласы әкімдігінде қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті отырыс өткізілді.
Жиынның күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
Бірінші болып сөз алған «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Арай Сауранбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстар жайында баяндама жасады.
Келесі кезекте қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ендибаев қоғамдық орындар мен көшелердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары бойынша ақпарат ұсынды.
Жиын барысында қала прокуратурасының аға прокуроры Бақберген Абилкасимов құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында ұсыныс енгізді.
Комиссия төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов баяндамаларды тыңдап, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдарымен күресу бағытында нақты ұсыныстар беріп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1261046?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау