ҚАЛА КӨРКІН ӘНМЕН ӘРЛЕГЕН «ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын дәстүрлі «Шымқала кештері» жазғы концерттік бағдарламасы жалғасуда.

18-19 шілде күндері қаланың бірнеше мәдени және демалыс орнында – Этноауыл алаңында, Арбат демалыс аймағында, Shym City саябағында, Қазақстан-Түркия достығы саябағында және Текесу мәдениет үйінде «Шымқала кештері» жазғы концерттер шеруі ұйымдастырылды.

Өнер кештерінде жергілікті өнерпаздар көрермендерге жанды дауыста ән шырқап, әсерлі музыкалық бағдарламаларын ұсынды. Әсем әуен мен көңілді атмосфераға толы кештерде қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті әндерін бірге шырқап, жазғы демалыстың ерекше сәттеріне бөленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1261501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version