Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен конституциялық реформаның жаңашылдықтары талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Батыс Қазақстан облысының Адвокаттар алқасымен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шараға Адвокаттар алқасының төрағасы, тәртіптік комиссияның және адвокаттардың кәсіби әдеп жөніндегі комиссиясының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында әділет органдарына адвокаттардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты келіп түсетін өтініштер мен шағымдар санының артуы мәселесі талқыланды. Осыған байланысты мұндай өтініштердің санын азайту, көрсетілетін заң көмегінің сапасын арттыру, адвокаттардың заңнама талаптары мен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен конституциялық реформаның жаңашылдықтары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Адвокаттар алқасының төрағасына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы табысталды. Сондай-ақ адвокаттардың заңнама талаптарын сақтауын, көрсетілетін заң көмегінің сапасын арттыруды және көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1261431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version