«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темір ауыл округінде елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кезекті профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл округі әкімдігі мамандары тұрғындармен кездесіп, үй маңындағы аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға төкпеу, арамшөптердің шамадан тыс өсуіне жол бермеу, сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрбір тұрғынға өз үйінің айналасын күтіп ұстау – тек азаматтық міндет қана емес, ауылдың көркі мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қосылатын маңызды үлес екені кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар рейдтік іс-шара барысында тұрғын үйлердің маңына тұрмыстық қалдықтарды төгу деректері анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, мұндай әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Атап айтқанда, үй маңына қоқыс төгу, санитарлық тазалық талаптарын сақтамау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері үшін 130 000 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл қарастырылғаны тұрғындардың назарына жеткізілді.
Таза ауыл – әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады. Қоршаған ортаны таза сақтау арқылы біз келер ұрпаққа жайлы, көрікті әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1260882?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау