Семейде жолаушы автокөліктің капотында жүрген:полиция жүргізуші мен жолаушыны жауапкершілікке тартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейде полиция қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқиға 14 шілдеде Қарағайлы шағын ауданында орын алған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер «Toyota RAV4» маркалы қозғалыстағы автокөліктің капотында жолаушының отырған бейнежазбасын анықтады.
Қатысушылардың жеке басы жедел анықталды.

Көлік тізгінінде қаланың 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көлік құралының кабинесінен (салонынан) тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қозғалыс кезінде автокөліктің капотында болған 24 жастағы жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Абай облысы Полиция департаменті мұндай әрекеттердің адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін атап өтеді. Тіпті болмашы тежелу, күрт маневр жасау немесе жол-көлік оқиғасы адамның көліктен құлап, ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Полицейлер азаматтарды әсерлі фото, бейнеролик немесе әлеуметтік желіге жарияланым жасау үшін өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады. Жол – қауіпті тәжірибелер жасауға емес, қауіпсіз қозғалысқа арналған орын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261128?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version