Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес және ауыл әкімінің халықпен есептік кездесуінде жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында маңызды жоба қолға алынды. Жергілікті билік пен «ӨзенМұнайГаз» АҚ сияқты ірі өндірістік кәсіпорынның әлеуметтік серіктестігі нәтижесінде, ауылдың алдыңғы бетінде орналасқан тау жолын қалпына келтіру жұмыстарына арнайы техникалар тартылып, тиісті шаралар қарқынды жүргізілуде.
Бұл бастаманың басты мақсаты-жол төсемінің сапасын талапқа сай етіп, көлік қатынасының қолайлылығын арттыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес, жолды тегістеу, ой-шұңқырларды жөндеу және көлік қозғалысына қажетті жағдай жасау жұмыстары кезең-кезеңімен, сапалы түрде жүзеге асырылып жатыр.
Жергілікті инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бұл игі іс ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін едәуір жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге зор ықпалын тигізеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1261352?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау