Таиландтың Бангкок қаласында 33 елден келген 627 спортшы қатысқан жас ерекшеліктері бойынша жүзуден XII Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыстың жеңімпазы шығысқазақстандық спортшы Анатолий Руденко болды.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Қазақстан құрамасы турнирді жоғары нәтижемен аяқтады. Жарыстың бесінші күні қоржынға бірден екі медаль түсті. Анатолий Руденко 50 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша жеке сында тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды, ал Мансұр Айтқалиев команда құрамында 4×100 метрлік кешенді аралас эстафетада күміс медаль иеленді.
Жарыстың барлық күні бойынша шығысқазақстандықтардың нәтижелері: Анатолий Руденко – күміс медаль (4×100 м кешенді эстафета), алтын медаль (100 м брасс, жеке сын), алтын медаль (50 м брасс, жеке сын); Мансұр Айтқалиев – қола медаль (4×100 м эстафета), күміс медаль (4×100 м аралас кешенді эстафета).
Спортшылар мен жаттықтырушылар К. Шмурыгин мен Т. Сақарбековті жарқын жеңістері және жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1261527?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау