🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.Е. Успанов Әділет департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және оған енгізілген өзгерістерді түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
🔷 Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, адалдық пен әдептілік қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі мәселелері қарастырылды.
Еске сала кетейік, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес:
🔻 әлеуетті, нақты және орын алған мүдделер қақтығысы ажыратылып, олар туындаған жағдайда қолданылатын әрекеттердің тәртібі мен мерзімдері белгіленді;
🔻 жеке мүдделерді декларациялау міндеті енгізілді;
🔻 мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдамағаны және бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі күшейтілді.
🛑 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық жауаптылық параны алу және беру үшін ғана емес, сондай-ақ оны талап ету, ұсыну немесе уәде ету үшін де көзделетін болады.
🔷 Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және қызметтік міндеттерді адал әрі заң талаптарына сай орындау жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1260902?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау