ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жаңа оқу жылына дайындық жан-жақты сараланды. Негізгі назар білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі, материалдық-техникалық жағдайы, жөндеу жұмыстары және білім сапасын арттыру мәселелеріне аударылды.
Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлнар Әбілқасова саладағы ахуал туралы баяндап, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ нысандардың жағдайы, ҰБТ қорытындылары, мектептердегі орын тапшылығы, өрт қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Қазіргі таңда қаладағы 27 білім беру ұйымында ағымдағы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, биыл Түркістан қаласында 2664 оқушы ҰБТ тапсырып, облыс көлемінде білім сапасынан көш бастап тұр.
Мәжіліс қорытындысында қала әкімі әрбір білім беру ұйымының дайындық деңгейі толық бақылауда болуы керектігін, санитарлық талаптарға сай келмейтін нысандар бойынша нақты жол картасын әзірлеуді, білім сапасын арттыру жұмыстарын күшейтуді, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі жүргізуді және қауіп тобындағы оқушылармен жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1260888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version