Ювеналдық полиция бөлністерінің жеке құрамымен жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2026 жылғы 17 шілде күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Карина Құралай Қабешқызы Астана қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция бөлністерінің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

     Кездесу барысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң талаптарын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, полицияның мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері талқыланды.

     Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және Ішкі істер министрі жариялаған 2026 жыл – «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» бастамасын іске асыру аясында ювеналдық полиция қызметкерлеріне профилактикалық жұмысты күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

     Кездесу қорытындысы бойынша ювеналдық полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалып, жеке құрамға нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/police/press/news/details/1261093?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version