Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
2026 жылғы 15 шілдеде Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорованың төрағалығымен аудан мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Эльдар Сапарұлы Шумеков, ауданд мәслихатының депутаттары, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Белгіленген кворумның болуына байланысты сессия заңды деп танылып, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға кірісті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов баяндама жасады. Баяндамашы шешім жобасының негізгі ережелерін таныстырып, оның мазмұнына қатысты түсіндірмелер берді.
Екінші мәселе – «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Жамбыл ауданы мәслихаты аудан тұрғындарының мүддесіне бағытталған нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1261455?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау