Жамбыл облысы ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері барлық аудандық бөлімшелерде жеке құраммен іс-шаралар өткізді. Негізгі мақсат — жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, ойынқұмарлыққа тәуелділіктің (лудомания), есірткіге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың жолын кесу.
Кездесу барысында қызметкерлерге қызметтік тәртіпті сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелері түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында тәртіпті нығайтуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1261495?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау