жүргізген жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 20 шілдеде Қостанай облысы Әділет департаменті жүргізген жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар санаттағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша атқарушылық құжаттарды орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталды.
🔹 Анықталған заң бұзушылықтар жеке сот орындаушысы А-ның заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағанын, соның салдарынан атқарушылық құжаттардың уақтылы және толық орындалуы қамтамасыз етілмегенін, сондай-ақ өндіріп алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол берілгенін көрсетті.
🔹Аталған заң бұзушылықтардың негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай қалалық сотына А-ны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы талап қоюмен жүгінді. Істі қарау нәтижесінде Қостанай қалалық соты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап қоюын қанағаттандырып, А.А.-ны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.

Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1260906?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version