Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстың білім басқармасы және аудандық, қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылын уақтылы әрі сапалы бастауға дайындығын бағалау және білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Мониторинг барысында ерекше назар келесі бағыттарға аударылуда:
✅ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі мен олардың белгіленген мерзімде аяқталуы;
✅ инженерлік инфрақұрылымның, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалар мен санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың жаңа оқу жылына дайындығы;
✅ мектеп аумақтарының абаттандырылуы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы;
✅ білім беру ұйымдарының басшыларымен және мердігер ұйымдармен бірлесіп анықталған мәселелерді жедел шешу.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты ұсынымдар беріліп, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1262055?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау