Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамнан 2 млн 500 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан 1991 ж.т Индер ауданының тұрғынын ұстады. Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2 млн 200 мың теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қорқытып алу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және қорқытып алу деректері орын алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1261985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version