Екібастұз қаласы Полиция басқармасының жас криминалисі бұл салада жарты жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Соған қарамастан, ол таңдаған мамандығына еш өкінбейтінін сеніммен айтады. Криминалистің жұмысы ұқыптылықты, жауапкершілікті және жоғары кәсіби дайындықты талап етеді. Өйткені оқиға болған жерді сапалы қарау, іздерді анықтап, оларды дұрыс тіркеу – қылмыстың сәтті ашылуына тікелей ықпал етеді. Қызметтегі тәжірибесі аз болғанына қарамастан, Батырхан өз мамандығын қызығушылықпен меңгеріп, аға әріптестерінің тәжірибесін үйреніп, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді.
– Мен бұл жолды саналы түрде таңдадым. Криминалистің жұмысы мені әрдайым қызықтыратын, өйткені бұл мамандық аналитикалық ойлауды, ұқыптылықты және үздіксіз дамуды талап етеді. Оқиға орнына әрбір шығу – жаңа тәжірибе жинақтап, қылмыстың ашылуына өз үлесіңді қосуға мүмкіндік береді. Таңдаған мамандығыма ешқашан өкінген емеспін, – дейді Батырхан Сыздықов.
Бүгінде жас криминалист тәжірибесін арттырып, кәсіби біліктілігін жетілдіруді жалғастырып келеді. Ол өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, Екібастұз қаласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261898?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау