2026 жылғы 21 шілдеде мобильді фронт-офис Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданына барып, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына мемлекеттік ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдерімен тікелей кездесіп, бизнесті дамыту мәселелері бойынша жан-жақты кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.
Мобильді фронт-офис құрамында:
– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы;
– Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
– «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;
– «ҚазАгроҚаржы» АҚ;
– «Солтүстік» ӘКК» АҚ;
– ForteBank;
– Bereke Bank;
– Halyk Bank өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу, кепілдендіру, субсидиялау және бизнес-жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жеке кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мобильді фронт-офис өз жұмысын жалғастырып, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1261570?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау