Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қауіпсіз құрылыс: құрылысқа бақылау жүргізу саласының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Брифинг барысында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын баяндап, құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылау, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген тексерулер, сондай-ақ заңсыз құрылыс нысандарына қатысты қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарының орындалуына қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-memleket-saulet/press/news/details/1261900?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау