“Домбыра – қазақтың жаны,рухы,тарихы” тақырыбында флеш-инфо іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының қасиетті аспабы – домбыраның тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасы 1 – ші шілде күні сағат 15 – 00 де Ұлттық домбыра күніне орай “Домбыра – қазақтың жаны,рухы,тарихы” тақырыбында флеш-инфо іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының қасиетті аспабы – домбыраның тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі алатын орны туралы қысқаша мағлұмат берілді. Сонымен қатар Ұлттық домбыра күнінің маңызы түсіндіріліп, қазақтың белгілі күйшілері туралы қызықты деректер айтылды.
Қатысушылар “Күйді таны” ойынына белсене қатысып, белгілі күйлерді тыңдап, олардың атауларын анықтады. Сондай-ақ “Жылдам сұрақ” айдары бойынша “Домбыра қазақтың жаны” тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңы қатысушы Шегебай Алдиярдың орындауында “Балбырауын”күйін тыңдаумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kairakty/press/news/details/1261699?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version