1 шілдеден 13 шілдеге дейін Бірлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары тарапынан тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану, тұрғылықты жері бойынша тіркелу мәселелері бойынша түсіндірме беріліп, қаржылық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау және ойланбастан микрокредиттер рәсімдеуден бас тарту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы өтінімдерді беру бойынша кеңес беріліп, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу тәртібі және цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, азаматтарды қолжетімді мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру және өзекті мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1261861?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау